Жетісулықтар Алматыға 18 мың құты спирт жөнелтті
Жетісулықтар Алматыға 18 мың құты спирт жөнелтті
256
оқылды
Карантинге жабылған Алматы қаласына кіріп-шығуды қатаң қадағалап,  тұрғындар денсаулығы мен қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жолында күн-түн демей қызмет атқарып жүргендерге жетісулық кәсіпкерлер де қолдарынан келгенше қолдау көрсетуде. «SADU development» компаниясы Алматы қаласында коронавируспен күрес шараларының бел ортасында жүрген  медицина мамандарына, ІІМ, ТЖ жəне басқа да сала қызметкерлерінің қажеттілігі үшін 18 мың құты спирт жөнелтті. Бұл туралы Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі хабарлады. – Алматы қаласының орны біз үшін өте маңызды. Еліміздегі ең ірі мегаполистің өндірістік маңызымен бірге еліміздің рухани-мəдени орталығы ретіндегі орны да ерекше. Сол алып қаланың басына түскен  қиын жағдайда біз алматылықтарды жалғыз қалдырмаймыз. Қазақстандағы басқа өңірлер секілді Алматы облысының кəсіпкерлері де оңтүстік астанадағы вируспен күрес шараларына жан-жақты қолдау көрсетуге əзір, – дейді компаниясының директоры Ерлан Қожасбаев.

Болат Абаған, Алматы облысы.