Ол құрбысы көз жұмғаннан кейін өзін жайсыз сезініп, Ташкенттегі шипажайда ем қабылдағанын айтты.
Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты
165
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол құрбысы көз жұмғаннан кейін өзін жайсыз сезінген. Продюсер Ташкенттегі шипажайда ем қабылдағанын жеткізіп, оқырмандарына жан сырын ақтарды. 

“Бекзада құдағиым, Аслан сіңлім үшеуіміз шипа жайында 5 күн ем аламыз деп барып, ұнағаны соншалық 11 күн жатып қайттық. Негізгі баруымның себебі: құрбымның өлімін естігенде бір сәтте асқазаным ауырып кетті. Ташкентке құдаларыммен барғанымда, қанша білдірмеймін десем де ішкен-жегендерімді құсып тастап, мазам қаша беріп, бәрін уайымға салып қойдым. Сол қиындықтан өттім осы ем арқылы. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Ауырмасаңыздар да барып, алдын алыңыздар! Жаңа туған баладай сезім осы жерде”, – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, Алматыда жеке клиникада блогер Сәуле Ермаханова  пластикалық отадан кейін көз жұмған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.