Тұрғылықты жерінен 500 метр радиустағы тұрақтарға қолданылады.
Алматыда үй жанындағы тұрақ тегін болмақ
фото: www.istockphoto.com
209
оқылды

Алматы әкімдігі ақылы тұрақтарды, жол қозғалысын және электрлі самокаттарды реттеу жүйесіне өзгерістер енгізетін жаңа ережелер жобасын қарастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жобаның мақсаты  жолдардағы кептелісті азайту және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру. Ұсынылған идеялардың бірі  қала тұрғындарына тұрғылықты жеріне жақын орналасқан ақылы тұрақтарды тегін пайдалану құқығын беру.

Бұл тетік былайша жүзеге асады деп жоспарланып отыр: көлік иесі бір жыл мерзімге рұқсат рәсімдейді. Бұл құжат тек бір көлікке ғана жарамды және тұрғылықты жерінен 500 метр радиустағы тұрақтарға қолданылады.

Маңызды жайт, бұл рұқсат таңдалған тұрақта белгілі бір орынды бекітпейді. Қала тұрақтарына көлігін тегін қоя алатын тұлғалардың тізіміне мыналар енуі мүмкін:

ардагерлер;

мүмкіндігі шектеулі жандар;

көпбалалы аналар;

ядролық сынақтардан зардап шеккендер, сондай-ақ электркөлік иелері.

Жобада тегін уақыт аралықтарын енгізу де ұсынылған. Мәселен, тротуар бойындағы тұрақтарда  5 минут, ал арнайы алаңдарда  10 минут тегін тұруға болады. Электрлі самокаттар үшін арнайы тұрақ нүктелерін құру жоспарланған. Кикшеринг пайдаланушылары самокаттарды тек арнайы белгіленген орындарда қалдыруға міндеттеледі. Бұл жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына кедергі келтіретін ретсіз тұраққа тыйым салынады деп күтіледі.