Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында айтты.
«Азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Сары уайымға салынуға болмайды. Көңіліміз көтеріңкі болып, жарқын болашаққа сенуіміз керек. Басты тойларымыз әлі алда. Коронавирусқа шалдыққандарға қажетті ем жасалады. Азаматтарға, бизнеске материалдық қолдау көрсетіледі», - деп жазды Президент.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Ұлттық биотехнология орталығында болып, коронавирусты аз уақытта анықтайтын тест жүйесімен танысқан болатын.