Елордада адам көп шоғырланатын жерлер дезинфекцияланады
Елордада адам көп шоғырланатын жерлер дезинфекцияланады
© 24.kz
5,113
оқылды
Елордада адам көп шоғырланатын жерлер дезинфекцияланады. Бүгінге дейін әлеуметтік маңызы бар 50 нысан мен орталық көшелердегі 80 аялдама арнайы сұйықтықпен жуылды. Залалсыздандыру жұмыстарын Қорғаныс министрлігінің әскерилері мен дезинфекция жүргізуге рұқсаты бар арнайы компаниядан құралған 250 адам жүргізеді. Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласы 7 аймаққа бөлінді.Әрқайысында 20-дан астам адам мен 2-3 техника жұмыс істейді. Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, залалсыздандыру жұмыстары 19 наурыздан басталды. Қажетті сұйықтық қоры жеткілікті. Адамға тікелей жанаспаса зияны жоқ. Айта кету керек, залалсыздандыру жұмысы ауа температурасы 0-ден жоғары болған жағдайда ғана жүргізіледі.