Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы.
Республика бойынша жел күшейіп, кей өңірлерде бұршақ түсуі мүмкін
Фото: iStock
138
оқылды

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Елдің батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, кей өңірлерде екпінді жел соғады. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Күндіз Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +35...+39°C-қа дейін көтеріледі.

Астанада күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы және бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C.
Шымкентте күн ала бұлтты. Кей уақытта өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

15-20 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 30-35 градус, облыстардың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

15-20 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

15-21 маусымда күндіз Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында 35-40 градус қатты ыстық, 17 маусымнан бастап облыстардың оңтүстігінде 40-43 градус  қатты ыстық күтіледі.

Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 15 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 15 июня жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шымкент қ.: 15 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

15 маусымда Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл  күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі.

  15 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында  жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың  батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні   23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда түнде Абай облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа, солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде                 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

  15 маусымда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

  15 маусымда Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

  15 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

  Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 15 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

  14 маусымда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  15 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.