Коронавирус жұқтырған шымкенттікпен бір автобуста болған 16 жолаушы іздестірілуде, - деп мәлімдеді «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
«Коронавируспен ауырған адам болған автобус анықталды. 51 жолаушының 35-і табылды. Олар карантинге жатқызылды. 16-сы қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр. Таяу уақытта табылып, карантинге жатқызылады», -деді Дәурен Абаев.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Шымкентте бір адамның коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған едік. Кейіннен ол азаматтың коронавирусты анасына да жұқтырғаны белгілі болды.