Саяхаттауды жоспарлап жүргендер үшін ақпарат. Енді Вьетнамға ұшар алдында қазақстандықтар шекаралық бақылауда ұзын-сонар кезек күтпейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Туристік ел Immigration Department деп аталатын сайтты іске қосты. Сол арқылы мәліметтеріңізді үш күн бұрын онлайн жүктеуге болады.
Қазірдің өзінде Хошимин және Таншоннят қалаларына құжаттарды алдын ала рәсімдей аласыз. Алдағы уақытта жүйеге қазақстандықтар көп демалатын Ханой, Дананг, Камрань және Фукуок та енгізіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
