Биылғы "Уимблдон" турнирі 29 маусым мен 11 шілде аралығында ұйымдастырылып жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – польшалық теннисші Ига Швёнтек.
"Бар күшімді салдым": Елена Рыбакина "Уимблдон-2026" турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді
221
оқылды

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон-2026" турнирінің бірінші айналымындағы жеңісінен кейін өз әсерімен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты Sportarena.kz сілтеме жасап.

Айтуынша, бұл матч оған қиынға түскен. 

"Психологиялық тұрғыдан өте ауыр болды. Себебі осы турнирге дейін бірнеше матчта жеңіліп қалдым. Сол жағдайдың мұнда қайталанбауы үшін бар күшімді салуға тура келді. Келесі ойында бұдан да жақсы өнер көрсетемін деп үміттенемін. Әлі де жетілдіретін тұстарым бар", – деді ол.

Сондай-ақ Елена бір сетте жеңіліп қалған сәтте эмоциясын тежей алмағанын жасырмады.

"Мені жақсы танитын адамдар қобалжып тұрғанымды бірден байқайды. Бірақ қандай жағдай болса да, өзімді сабырлы ұстауға тырысамын", – деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.

"Уимблдонның" екінші айналымында Елена Рыбакина әлемнің 50-ракеткасы, америкалық Кэти Макнеллимен кездеседі. Матч 2 шілдеде өтеді.