Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Ақтөбеде зейнеткер ауласында көкнәр өсірген
фото: www.istockphoto.com
162
оқылды

Ақтөбеде 69 жастағы зейнеткер ауласында көкнәр өсірген.  Полицейлер саяжай учаскесін тексеру барысында гүлзарға егілген 67 түп көкнәрді анықтап, тәркілеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық  шарасы аясында Ақтөбе облысы Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында есірткі немесе психотроптық заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге тыйым салынғанын еске салады. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығы ескертілді.