ТЖМ ескертеді: жылы мезгілде жыландар белсенді болады.
Құтқарушылар жылан шаққан жасөспірімге жедел көмек көрсетті
167
оқылды

Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне демалушылар жүгініп, 16 жастағы қызды жылан шаққаны туралы айтқан. ТЖМ қызметкерлері жасөспірімге жедел көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЖМ ескертеді: жылы мезгілде жыландар белсенді болады. Табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтаңыз, белгіленген соқпақтардан шықпаңыз, демалыс орнын мұқият тексеріңіз және жыландарға жақындамаңыз әрі оларды ұстауға тырыспаңыз. Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз және 112 нөміріне хабарласыңыз.