Қосымша құрамдар билет тапшылығын азайтып, азаматтардың өңірлер арасында еркін қатынауына мүмкіндік береді.
Қысқы мереке күндері сұранысы жоғары бағыттарға үш қосымша пойыз шығады
Фото: gov.kz
150
оқылды

Желтоқсан айындағы мерекелік күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты стандартты вагондардан жасақталған үш қосымша пойыз іске қосылады. Қосымша пойыздар сұраныс жоғары бағыттар бойынша жолаушылар тасымалының көлемін ұлғайтып, теміржол қатынасының қолжетімділігін арттырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша қатынайды:

• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1». Алматы-2 станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді. Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

• №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент». Нұрлы жол станциясынан: 2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді. Шымкент станциясынан: 2026 жылғы 15 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

• №205/206 «Ақтөбе – Астана-1». Ақтөбе станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді. Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

Пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады. Билеттерді https://bilet.railways.kz/ ресми сайтынан, ал қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.