Жұмысшының мәйітін бастығы тапқан.
Маңғыстау облысында теміржолшы жұмыс орнында қаза тапты
фото: www.istockphoto.com
133
оқылды

Маңғыстау облысында теміржол саласының қызметкері жұмыс орнында көз жұмды. Аталған оқиғаға байланысты мемлекеттік еңбек инспекциясы тексеру жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, қайғылы жағдай 5 шілде күні сағат шамамен 09:10-да Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты №13 разъезде болған.

Разъезд бастығы жұмыс орнына келген кезде кезекші қызметкердің мәйітін тапқан. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шақырылды. Дәрігерлер 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын растады.

Қазір аталған дерек бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті тергеу-тексеру жұмысын жүргізіліп жатыр.