Суретші Әсел Сабыржанқызы Қазақстанға келген актер Джеки Чанға ерекше сый жасады, - деп жазды Aikyn.kz.
Ол актерға қолдан тоқылған кілем-картинаны тарту етті. Онда Джеки Чанның бейнесін салынған.
Әсел Сабыржанқызы әлеуметтік желіде видео жариялап, актерға сыйлықты берер кезде қобалжығанын айтты.
Бейнежазбадан Джеки Чанның сыйлықты қуана қабылдағанын және суретшіге алғыс айтқанын көруге болады.
Айта кетейік, Әсел Сабыржанқызы бұған дейін әлемге танымал әнші Дженнифер Лопестің бейнесі салынған картинаны әншінің өзіне табыстаған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
