Блогер, әзілкеш Қанат Тасхан Мейрамбек Беспаев жайлы пікір білдірді, - деп жазды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, әнші отырыстарда өзін бейнежазбаға түсіргенді ұната бермейді.
"Мейрамбек ағамыз өте сақ адам. Ол кісіні өте көп жерлерде қонақ қылады. Бір адам телефон шығарып қалды ма, отырысты тоқтатады да, "Әкел, не түсіріп отырсың?" деп телефонын алып қояды. Түсіріп отырған адамның жанын шығарады. Кім дастархан жайып отыр, соған береді. "Қандай адамдарды жинағансың? Менің абыройымды төгу үшін шақырдың ба? Мұнда біз еркін әңгіме айтып отырмыз" деп айтады. Ол кісі жәй отырмай бәрін байқап отырады. Қазір видеолар шығып кетіп жатыр", - дейді әзілкеш.
Желі қолданушылары бұған түрлі пікір жазып жатыр.
«Дұрыс қой, танымал адам болмасақ та бізді түсірсе ұнамайды ғой. Әр адамның жеке өмірі бар, жеке өмірде неше түрлі жағдай болады. Сол үшін жеке шекараны сақтаған өте дұрыс», «Жасыратыны бар да», «Өзі абыройын шашатын әрекет жасамаса не қорқатыны бар», «Қазанға жоласаң күйесі жұғады», - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
