Жеке кәсіпкерліктің негізгі қызмет бағыты – концерттер ұйымдастыру.
Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты
әлеуметтік желіден
118
оқылды

Белгілі комик Нұрлан Сабуровтың Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерлігі бар екені белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ашық деректерге сәйкес, «Сабуров» жеке кәсіпкерлігі 2023 жылдың 30 наурызында Ақмола облысы Степногор  қаласында тіркелген. Кәсіпкерліктің басшысы ретінде Нұрлан Әлібекұлы Сабуров көрсетілген.

Жеке кәсіпкерліктің негізгі қызмет бағыты – концерттер ұйымдастыру. Кәсіпорын шағын бизнес субъектісі санатына жатады. Бұл санаттағы кәсіпкерлікте бес адамнан артық қызметкер жұмыс істей алмайды.

2023 жылдың қазан айынан бастап кәсіпкерлік жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне көшкен.

Ашық дереккөздерде Нұрлан Сабуровтың аталған кәсіпкерлік арқылы қанша көлемде салық төлегені туралы мәлімет жарияланбаған.

Сондай-ақ жеке кәсіпкерліктің балансында тіркелген жылжымайтын мүлік пен автокөлік анықталмаған. Алайда бұл Сабуровтың жекеменшігінде үйі, пәтері немесе көлігі жоқ дегенді білдірмейді. Бұл мәлімет тек кәсіпкерлік теңгеріміндегі мүлікке қатысты.