«23 қаңтарда 21 сағат 43 минутта Қарағанды жол бөлімшесіне қарасты Қарабас стансасының «Қарағанды – Пассажирская – Жарық» учаскесінде «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушы пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті. Жолаушылар тасымалымен «Марал-Нұр» ЖШС айналысады. Құрамда 16 вагон болған. Пойыздағы 683 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген» делінген ресми хабарламада.
Оқыс оқиға болған жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
«Ауа райының қолайсыздығынан, қалың қар мен қатты боран салдарынан түк көрінбегендіктен пойыз рельстен шығып кеткен. Оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың пойыздың рельстен шығып кету себебін тергейтін және анықтайтын арнайы комиссиясы аттанды» делінген ресми мәліметте.