Кездесу барысында әскери қызметшілердің қызмет өткеруі мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан әрі жақсарту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мәслихат депутаттары Ұлттық ұланның қызметімен танысты
155
оқылды

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары ҚР ІІМ Ұлттық ұланның қызметімен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен 5571 әскери бөліміне жұмыс сапарымен келді.

Халық қалаулыларын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков қарсы алып, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Сапар барысында генерал-майор Сәкентай Шекарбеков әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасы, әлеуметтік инфрақұрылымы, әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайы, сондай-ақ жүргізіліп жатқан құрылыс және жаңғырту жұмыстары туралы баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі міндеттерге тоқталды.

Одан кейін депутаттар казармалық қорды, асхананы, әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды, материалдық-техникалық базаны және салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді. Халық қалаулылары құрылыс жұмыстарының сапасы мен нысандардың пайдалануға дайындығына ерекше назар аударды.

Кездесу барысында әскери қызметшілердің қызмет өткеруі мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсарту мәселелері жан-жақты талқыланды. 

Сапар қорытындысы бойынша инженерлік жүйелерді толық іске қосу, сондай-ақ казармалық үй-жайлар мен санитарлық-тұрмыстық тораптарды белгіленген талаптарға толық сәйкестендіру бағытында нақты міндеттер айқындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.