Төтенше жағдай кезінде пайда таппақ болған кәсіпкерлерден 4 миллион маска тәркіленді
Төтенше жағдай кезінде пайда таппақ болған кәсіпкерлерден 4 миллион маска тәркіленді
© inform.kz
237
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде елдегі заңдылық пен тәртіп сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баяндады. «Қазір барлық өңірлерде прокуратура, полиция және мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеуде. Олар барлық жерде медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз, жоғары бағада сату бойынша деректерді анықтаумен айналысып жатыр. Төтенше жағдай жарияланғалы бері Қылмыстық кодекстің 215-бабы бойынша 15 тергеу амалы басталды», - деді министр Хабар 24 арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында. Дәурен Абаев мұндай жағдайлар елордада, Алматыда және Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, БҚО-да анықталғанын айтты. «Елордада және Ақтөбе облысында маска мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Олар денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр», - деді ол.