Астана қаласында Халықаралық автомобиль қатынасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-Грузия аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Қазақстан мен Грузия e-Permit жүйесі арқылы электронды рұқсат алмасуды іске қосады
Фото: iStock
294
оқылды

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар 2026 жылғы 22 шілдеден бастап e-Permit жүйесі арқылы рұқсат бланкілерін электронды форматта беру және алмасуды сынақ режимінде бастау туралы келісімге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отырыс барысында электронды құжат айналымына көшу әкімшілік рәсімдерді қысқартып, тасымалдау процедураларының ашықтығын арттыруға және халықаралық автомобиль тасымалдарын рәсімдеу уақытын жеделдетуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ тараптар электронды алмасу жүйесіне толық көшкеннен кейін рұқсаттардың шектеусіз квотасын енгізуге дайын екендерін растады.

Кездесуде екіжақты және транзиттік жүк тасымалдарын дамытуға қатысты өзекті мәселелер де қаралды. Тараптар жүк тасымалы көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Грузияның халықаралық көлік дәліздерін дамытудағы маңызды рөлін растады.

Тасымалдаушылардың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылға қосымша 6 000 рұқсат бланкісімен өзара алмасу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар 2027 жылға арналған алдын ала рұқсаттар квотасы 20 500 бірлік көлемінде келісілді. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 6 000 бланкіге артық. Квотаның ұлғаюы халықаралық автомобиль тасымалдарына деген сұранысты қамтамасыз етіп, Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша, тараптар халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екендігін білдіріп, көлік саласындағы серіктестікті дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.