Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және олардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Республикалық жолдарда күтіп-ұстау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Фото: gov.kz
344
оқылды

2026 жылы кешенді мақсатты бағдарлама шеңберінде атқарылып жатқан негізгі жұмыстардың басым бөлігі жоспарланған межеден жоғары қарқынмен орындалуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жұмыстар елдің барлық өңірлерін қамтиды және мемлекеттік тапсырыс аясында, сондай-ақ автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінде 15 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша жол жұмыстарын орындаудың жоғары қарқыны байқалады. Қазіргі уақытта жол жабынындағы ойықтар мен кедір-бұдырларды жою жұмыстары жоспардағы көлемнен төрт есеге артық орындалды. Бүгінде жол төсемінің 54 мың шаршы метрден астам бөлігі қалпына келтірілді.

Шұңқырларды жөндеу жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Дәстүрлі әдіспен шамамен 217 мың шаршы метр жол жабыны жөнделді, бұл жоспардың 123%-ын құрайды. Ал арнайы қысыммен қоспа енгізу тәсілі арқылы 11,7 мың шаршы метр жол қалпына келтіріліп, жоспар 109%-ға орындалды.

Жолдарды инженерлік тұрғыдан жабдықтау жұмыстарыда белгіленген мерзімнен алда келеді. Жоспарда 9,6 мың дана сигналдық бағана көзделген болса, 11,3 мыңнан астамы орнатылды, бұл 118%-ды құрайды. Сонымен қатар жол қоршаулары бойынша 10 222 метр қоршау жөнделіп, жаңадан орнатылды. Бұл жоспардың 122%-ына тең.

Жол таңбаларын салу жұмыстары жалғасуда. Көктемгі-жазғы маусымдық жол таңбалары автомобиль жолдарының 24,5 мың шақырымына сызылып, жоспарлы көрсеткіш 108%-ға орындалды. Сонымен қатар жол белгілерін орнату және ауыстыру жұмыстары да кестедегі мерзімнен алда келеді. Бүгінде  жоспардың 105%-ы орындалып, 5 235 дана жол белгісі орнатылды және ауыстырылды.

Ақылы автомобиль жолдарында да күтіп-ұстау жұмыстары толық көлемде атқарылуда. Жол белгілерін орнату және ауыстыру жұмыстары толық аяқталды: жоспар 104%-ға орындалды немесе 2 993 жол белгісі жаңартылды. Автопавильондар мен демалыс алаңдарын жөндеу бойынша жоспарланған 48 нысанның орнына 128 нысанда жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ жол көрсеткіштері жоспарланған 451 шақырымнан асып, 493 шақырымға орнатылса, жол таңбаларын салу жұмыстары 16,9 мың шақырым жоспардың орнына 17,9 мың шақырымда орындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.