«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ, дауыл және желдің күшеюі 23–28 м/с дейін болжанады.
Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 41°C-қа дейін көтеріледі.
Елдің көптеген өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
