74 жастағы әйел пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Солтүстік Қазақстанда ер адам зейнеткер әйелді пышақтап өлтірді
244
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында тұрмыстық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жанжал кезінде 31 жастағы ер адам зейнеткер әйелге пышақ сұққан.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады СҚО полиция департаменті.

Полиция оқиғаның себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.