Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.
Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды
Фото: gov.kz
125
оқылды

Астанада 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ елорданың бірқатар нысанында іске қосылды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Дауыс беру күніне дейін 31 күн қалды. Кері санақ көрсеткіші шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылды.

Таблода нақты уақыт режимінде сайлауға дейін қалған күн саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды саяси науқан туралы еске салып тұрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.