Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қазақ-өзбек ынтымағы арта бермек
129
оқылды

Сонымен қатар Шавкат Мирзиёевтің парасатты бас­шылығының арқасында Өзбекстан әлеуметтік-эко­номикалық даму мен халықаралық беделін арттыруда мол та­бысқа қол жеткізіп, кешенді реформалар арқылы сенім­ді түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан көшбасшысының екі ел арасындағы достық және тату көршілік рухындағы ст­ратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты ны­ғайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Тараптар бүгінде қазақ-өзбек ынтымақтастығы қар­қынды екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-ло­гистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бай­ланысты тереңдету перспективасын талқылады.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәр­тібінде өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кез­десулер кестесін қарастырды.