Бір күннің ішінде партия кандидаттары мыңнан астам қарағандылықпен – фермерлермен, кәсіпкерлермен, жастармен, өндіріс қызметкерлерімен, қоғам белсенділерімен және қала тұрғындарымен жүздесті. Алдағы уақытта мұндай кездесулер Қазақстанның барлық қаласында жалғасады.
1000-нан аса адам қатысты: Respublica партиясы Қарағандыда өткен сайлауалды науқаны жайлы айтып берді
фото: баспасөз қызметінен алынды
149
оқылды

Respublica партиясының ауқымды сайлауалды науқаны Қарағандыдан бастау алып, осы өңірде сайлаушылармен алғашқы кездесулері өткен болатын, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бір күннің ішінде партия кандидаттары мыңнан астам қарағандылықпен – фермерлермен, кәсіпкерлермен, жастармен, өндіріс қызметкерлерімен, қоғам белсенділерімен және қала тұрғындарымен жүздесті. Бұл – үлкен сапардың бастамасы ғана. Алдағы уақытта мұндай кездесулер Қазақстанның барлық қаласында жалғасады.

Күннің басты оқиғасы  – Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өткен партия жақтастарының форумы. Оны шақан партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров Respublica бүгін халық алдына тек уәдемен емес, нақты нәтижемен шығып отырғанынжеткізді. 

Ол партия депутаттарының бастамасымен вейптерге толық тыйым салып, кәсіпкерлердің мүддесін қорғау мақсатында Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, әскерде қызмет еткен жастарға жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер беруін қозғады. Сонымен қатар инклюзивті құрылыс нормалары қолға алынып, ғаутизмі бар балаларға арналған ABA-терапия мамандарын даярлау бастамалары жүзеге асқанын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – әр азаматтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік жасау. Ал әл-ауқаттың бастауы – мүмкіндік», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Форумда сондай-ақ партия төрағасының орынбасары Олжас Құспеков, партияның тең төрағасы Максим Барышев, Respublica партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Әубәкіров сөз сөйледі. Сонымен қатар алдағы Құрылтай сайлауына қатысатын өзге де кандидаттар өз бағдарламалары мен басым бағыттарын таныстырды.

Барлық баяндамалардың өзегіне отандық өндірісті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, цифрландыру, білім беру және әрбір қазақстандыққа тең мүмкіндік қалыптастыру мәселелері арқау болды.

Жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен форум концерттік бағдарламамен және қатысушылармен ашық пікір алмасумен аяқталды. Алайда сайлауалды науқан енді ғана басталып отырғандықтан Respublica командасы Қарағандыдан кейін еліміздің өзге өңірлерін аралап, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және кәсіпкерлермен кездесужалғасатынын жеткізді. Ендігі кездесу – Шығыс Қазақстан облысы.