Қалада мұндай көлік түрін қолданушылар саны артқан сайын әрбір жүргізушінің жауапкершілігі де күшейетінін еске салды.
Қазақстанда электрлі самокат жүргізушілеріне бақылау күшейді
150
оқылды

Алматы полициясы электрлі самокат пайдаланушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қалада мұндай көлік түрін қолданушылар саны артқан сайын әрбір жүргізушінің жауапкершілігі де күшейетінін еске салды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілгеніне қарамастан, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін заң бұзушылықтар әлі де анықталып жатыр.

Профилактикалық іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері жеке мобильділік құралдарын пайдаланушыларға қолданыстағы заң талаптарын түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын жеткізуде.

Алматы қалалық Полиция департаменті профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Әбдіғалиевтің айтуынша, бүгінде электрлі самокат күнделікті қатынас құралына айналған. Алайда кейбір пайдаланушылар бір самокатқа екі-үш адамның мінуі, көлемді жүк тасымалдауы және жол жүру қағидаларын бұзуы сияқты әрекеттерге жиі жол береді.

– Мұндай заң бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады. Барлық пайдаланушыларды белгіленген ережелерді сақтауға, жол қозғалысының өзге қатысушыларына құрметпен қарауға және қабылданып жатқан шаралардың басты мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін ұмытпауға шақырамыз, – деді Рүстем Әбдіғалиев.