Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады.
Экономиканы әртараптандыру – басым бағыт
150
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ­та­ғы әлеуметтік-экономикалық жағ­дай және ал­дағы кезеңге арналған ба­­сым міндеттер туралы баяндалды.

Президентке облыстағы ірі ин­вести­ция­лық жобалардың іске асы­рылуы, мұ­най-газ химиясы саласының дамуы, әлеу­меттік және инженерлік инфра­құры­лым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді.

Кездесуде экономиканы әртарап­тан­дыру, инженерлік желілерді жаң­ғырту, көлік инфрақұрылымын жетіл­діру, эко­логиялық ахуалды оңалту жә­не респуб­ли­калық деңгейде қол­дау­­ды қажет ететін жо­ба­ларды іске асы­ру мәселелеріне ай­рық­ша назар ау­дарылды.

Мемлекет басшысы Атырау өңі­рі­нің тұ­рақты әлеуметтік-экономи­ка­лық да­муын қамтамасыз етуге және ха­лықтың тұрмыс сапасын арттыруға ба­ғыттал­ған бірқатар тапсырма берді.