Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.
Тарихи жеңіспен құттықтады
134
оқылды

Бұл жөнінде Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шебер­лік­тің, болаттай берік мінез бен ко­ман­далық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қа­зақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы ал­ғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруі­не тілектестік білдірді.