Анасы ұлының интернет алаяқтарының құрбаны болғанын және тергеу кезінде тіл білмегендіктен өз құқығын толық қорғай алмағанын айтады.
Шетелге жұмыс іздеп кеткен қазақ жігіті Грекияда 125 жылға сотталды
123
оқылды

Ақтөбе тұрғыны Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен Грекия түрмесінде отырған 24 жастағы ұлына көмек көрсетуді сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Анасының айтуынша, Рашид Қадиров әлеуметтік желідегі жұмыс туралы хабарландыруға сеніп, Түркияға барған. Бірақ кейін заңсыз мигранттарды тасымалдау ісі бойынша айыпталып, 125 жылға бас бостандығынан айырылған.

Нұрхан Қадырованың сөзінше, ұлына туристерді моторлы қайықпен серуендету жұмысы ұсынылған. Жол шығынын жұмыс берушілер өтегенімен, кейін оның заңсыз мигранттарды тасымалдауға пайдаланылғаны белгілі болған.

Анасы ұлының интернет алаяқтарының құрбаны болғанын және тергеу кезінде тіл білмегендіктен өз құқығын толық қорғай алмағанын айтады. Оның сөзінше, қазір Рашид жаңа сот процесін күтіп отыр, ал отбасы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен қолдау сұрап отыр.