Елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамалары туралы 5 жаңа кітап таныстырылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған жинақтарға мақалалар мен естеліктер берген авторлар арасында Қазақстанның алғашқы Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, Мемлекет және қоғам қайраткері Қабидолла Сәрекенов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов және Мәскеу мемлекеттік университеті қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович бар.
«Елбасы кітапханасының бастамасымен шығарылған бұл кітаптар жалпы біздің қоғам үшін, мемлекет үшін, әсіресе болашақ ұрпақ үшін өте маңызды. Біз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жыл уақытта қандай жағдайды басымыздан өткіздік, бұл жолдан өту үшін қандай шаралар, қандай мемлекеттік саясат жүргізілді? Қазақстан деген кім, мемлекеттің мүмкіндігі қандай, әлеуеті қандай, қоғамның сапасын жақсарту үшін қандай реформалар жүргізілді? Осы сұрақтардың жауабы бүгінгі жаңа кітаптарда жазылған. Жастар үшін бұл – өнеге, тарих», - деді Қуаныш Сұлтанов Назарбаев орталығында жаңа кітаптардың таныстырылымында.