Өскеменде Абай трамвайы жолға шықты
Өскеменде Абай трамвайы жолға шықты
248
оқылды
Өскеменде Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналып безендірілген трамвай жолға шықты. Дәлірек айтсақ, қалалық трамвай паркінің вагондарының бірі жаңартылып, ұлы ақынның 175 жылдығының құрметіне безендірілді. Бірегей трамвай «Біздің Абай» деген атау алған. Вагонның сыртқы қаптамасында суретші-графитистер жасаған Абайдың портреті бейнеленген. Ал трамвайдың ішінде жолаушылар назарына ақынның қазақ және орыс тіліндегі «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген қанатты сөзі ілінген.    width= Сондай-ақ орындықтар арқасында Абайдың белгілі дәйексөздері жазылған екен. Бұған қоса вагон ішінде ақын өлеңдерінен үзінділер, оның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі бейнероликтер, кітапшалар мен басқа да қызықты материалдар орналастырылған.    width= Бірінші рейсте трамвайға мінген жолаушыларға тақырыптық күнтізбелер мен ақынның қара сөздері жазылған кітаптар таратылды. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы