«Шал» фильмі арқылы танымал болған актер Ерболат Тоғызақов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Актер шығармашылығы, жеке өмірі жайлы сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі отбасын құрмаған. Бүгінде бір бөлмелі пәтерде інісінің балаларымен бірге тұратынын айтты. Оны «Шал» фильмінен кейін Ермек Тұрсынов сыйлаған.
Актер Сібірден отбасымен көшіп келгелі көп қиындық көрсе де, өткен өміріне риза екенін жеткізді.
«Өз отбасың, шаңырағың болған жақсы ғой. Мен отбасын құрмадым. Немерелерім деп айтамын, қазір інімнің баласымен тұрамын. Маған жақсы қарайды. Қазір Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Үлкендеу үйім болса, немерелерімді, туыстарымды шақырсам деген арманым бар. Еңбек етіп, ақша тауып, үй алуға болады. Тек маған қазір күш-қуат жетпейді, ондай жұмыс таба алмаймын. Бірақ мен бұл өмірге өте ризамын. Егер қайта тусам да, осы өмірімді қайта сүрер едім», — деді Ерболат Тоғызақов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
