Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару және оларды еліміздің әлеуметтік-эко­номикалық дамуы үшін пайдалану жөніндегі тап­сырмаларын жүзеге асыру аясында Ақмола об­лысында сумен жабдықтау және су бұру жүйе­сінің құрылысы жүргізілуде. Арнаулы мемлекеттік қор­дан Үкімет осы мақсаттарға 1,4 млрд теңге бөлді.
Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді
фото: Үкімет
101
оқылды

Бұл қаражат Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында төрт инфрақұрылымдық жобаны жү­зеге асыру үшін қарастырылған. Атап айт­қан­да, Бурабай ауданы Қатаркөл көлінің жа­нын­дағы балаларды сауықтыру орталық­тары­ның су құбыры желілері жаңғыртылмақ. Ин­же­нерлік инфрақұрылымды жаңғырту меке­ме­лерге коммуналдық қызмет көрсетудің сапасын арт­тыруға және маусымдық жүктеме кезеңінде олар­дың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажет­ті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Бөлінген қаражаттың келесі бір бөлігі Щу­чин­ск қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін кешенді түрде жаңартуға жұм­са­лады. Атап айтқанда, магистральды су құ­быры желілерінің төртінші кезегін салу және ре­конструкциялау, су бұру нысандары мен же­лілерін жөндеу, сондай-ақ кварталдар ішінде кәріз тарту жоспарлануда.

Жобаларды жүзеге асыру желілердің апат­ты­лығын төмендетеді. Сонымен қатар судың қа­жетті көлемін беру және ағынды суларды бұру жүйеге жаңа тұрғын үйлерді, әлеуметтік жә­не туристік нысандарды қосуға мүмкіндік бере­ді, сондай-ақ өңірге инвестиция тарту үшін де жағдай жасайды.

Бұл шаралар, жалпы алғанда, Щучинск қа­ла­сы мен Бурабай ауданын одан әрі дамыту үшін коммуналдық тұрғыда заманауи негіз қа­­­лыптастырады. Жаңа және реконструкциядан өт­кен желілер тұрғындардың, әлеуметтік ме­ке­мелердің және балаларды сауықтыру орта­лық­тарының жағдайын жақсартады, сондай-ақ жаңа нысандар салу үшін қажетті инфра­құры­лымды қамтамасыз етеді.