Жерүсті дрондарының негізгі міндеті — логистика
Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады
176
оқылды

2026 жылы Украина Қарулы күштері жерүсті роботтандырылған кешендерін 66 300-ден астам миссияда пайдаланған. Brave1 кластері арқылы енгізілген мұндай жүйелер ең қауіпті жақын қашықтықтағы ұрыстарда жеке құрамның шамамен 30 пайызына дейінгі бөлігін алмастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Жерүсті дрондарының негізгі міндеті — логистика. Барлық тапсырмалардың шамамен 70 пайызы оқ-дәрі, су мен дәрі-дәрмекті алдыңғы шепке жеткізуге және жаралыларды қауіпті аймақтан эвакуациялауға тиесілі. Сонымен қатар пулемет пен гранатаатқыш орнатылған робот-платформалар окоптар мен қорғаныс шептерін қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, роботтар танкке қауіпті бағыттарды миналау, қарсыластың бекіністеріне дейін 100 келіге жететін жарылғыш заттарды жеткізу және камикадзе ретінде қолдану үшін пайдаланылуда. Украина тарапының мәліметінше, майданды роботтандыру адам ресурсының тапшылығын өтеуге және қорғаныс кезіндегі шығынды азайтуға көмектесіп отыр.