Кездесуде өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Respublica кәсіпкерлікті дамыту мен еңбек адамдарын қолдау мәселелерін көтерді
фото: Respublica партиясының баспасөз қызметінен алынды
129
оқылды

Respublica партиясының сайлауалды штаб мүшелері, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Бекжан Айтқұлов, Маханбет Амангелді, Жалынбек Жайнарбай және Нұргүл Тау «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Атырау филиалында болып, кәсіпорын жұмысымен танысып, ұжыммен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кандидат Тахмина Нағұманова Атырау мұнайлы өңір болғанымен, мұнда шағын және орта кәсіпорындардың да көп екенін атап өтті.

«Ең бастысы – жоғары ақы төленетін салаларда жұмыс істемейтін адамдардың да әл-ауқатын қамтамасыз ету. Respublica әрбір кәсіпкердің, әрбір еңбек адамының мүддесін қорғайды», – деді ол.

Кандидаттар сондай-ақ Respublica фракциясының Парламенттегі нақты нәтижелері туралы айтты: вейптерге тыйым салу, құмар ойындардың таралуын шектеу, шағын несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, әскери қызметкерлерге ҰБТ тапсырмай-ақ гранттар беруді енгізу, сондай-ақ Құрылыс кодексінде аз мобильді топтар үшін кедергісіз орта нормаларын бекіту.