5-16 тамыз күндері Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUSFEST-2026» фестивалі өтеді. Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған фестивальға 5 мыңға жуық турист келген. Биыл олардың саны екі есеге артып, 10 мыңға жуық қонақ қатысады деп жоспарлануда.
Ауқымды фестиваль өтеді
107
оқылды

Екі күндік  фестиваль аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары өтеді. Ашылу бағдарламасында театрландырылған композиция, этно-фольклорлық және хореографиялық ұжымдар мен қазақ эстрадасының әншісі Қуандық Рахым өнер көрсетеді. Ал кешкі гала-концертте MELOMEN тобы, Вytanat, Алхам, Тurar және Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Фестивальдың екінші күнінде де мерекелік бағдарлама жалғасады. Онда Еркебұлан Құмар, Ғаділбек Жанай, Нұрлан мен Мұрат және «Заман» тобының өнерін тамашалауға болады. Фестиваль аумағында фотозоналар, балаларға арналған ойын алаңы, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, сауда павильондары мен фуд-корт жұмыс істейді. Қонақтар қайықпен серуендеп, табиғат аясында демала алады.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ