Репортаж тележүргізуші Марта Рейеро жүргізген жаңалықтар бағдарламасында көрсетілді.
Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігін бағалады (видео)
Фото: dimashnews.com
180
оқылды

Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы сюжетті қамтыған жаңалықтар шығарылымын ұсынды. Бұл туралы dimashnews.com жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Репортаж тележүргізуші Марта Рейеро жүргізген жаңалықтар бағдарламасында көрсетілді. Журналист Ноэми Баутиста оториноларинголог дәрігер Эстер Сота Эгисабальмен бірге Димаштың дауыс ерекшеліктері мен вокалдық диапазонына қатысты ерекшеліктерді талқылады.

Эфир барысында Димаштың «SOS», «Diva Dance» және «Stranger» композициялары көрсетілді. Сюжетте әншінің вокалдық диапазоны мен дауыс ерекшеліктеріне айрықша назар аударылды. 

Сондай-ақ Димаштың вокалдық мүмкіндіктері Мэрайя Кэри, Лучано Паваротти және Мария Каллас секілді әлемге танымал әншілермен салыстырылды.

Бағдарлама жүргізушісі Димаш дауысының мүмкіндіктерін атап өтіп, «адамзат үшін мүмкін еместей дауыс» деп сипаттады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.