Ұлттық банктің мәліметінше, маусым айында микроқаржы ұйымдарының несие портфелі 45,5 милииард теңгеге немесе 1,4%-ға төмендеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
1 шілдедегі жағдай бойынша, МҚҰ-лардың жалпы несие портфелі 3,13 триллион теңгені құрады. Бұл – 2026 жылдың басынан бері тіркелген алғашқы айлық төмендеу.
Жылдық көрсеткіш те теріс динамиканы көрсетті: МҚҰ портфелі шамамен 1,1%-ға қысқарған.
Салыстырмалы түрде, экономикаға берілген жалпы несие көлемі керісінше өсіп отыр. Бір жылда көрсеткіш 16,5%-ға артып, рекордтық 53,2 триллион теңгеге жетті.
