Атап айтқанда, Ақтөбе, Ұлытау, Өскемен, Ақтау, Астана, Жамбыл, Қарағанды өңірінің тұрғындарымен жүздесті.
«Байтақ» партиясының кандидаты «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлерімен жүздесті
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлерімен кездесті.
Қала тұрғындарын біріктірген іс-шарада партия өкілдері қатысушыларға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды. Экологияны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, жайлы қалалық ортаны қалыптастыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
«Байтақ» партиясынан Құрылтайға кандидат Айман Сексенова туған қалаға деген жанашырлық спорттағы жетістіктерді қолдаумен ғана шектелмейтінін атап өтті.
«Мұнда «13 сектор» фильмі түсіріліп жатыр. Екіншіден, дәл осы сектор жанкүйерлер саны бойынша әлем рекордын жаңартпақ. Бұл – Ақтөбе үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. «Байтақ» – экологияны қолдайтын елдегі жалғыз партия. Қоршаған ортаны қорғау, көшелердің тазалығын сақтау және жасыл аймақтарды көбейту – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі», – деді «Байтақ» жасылдар партиясының кандидат.
Шара барысында партия өкілдері тұрғындармен экологиялық бастамалар төңірегінде пікір алмасты. Жанкүйерлер де үнсіз қалмай, түрлі мәселеге өз пікірін жеткізді.
«Байтақ» жасылдар партиясы «Ақтөбе» футбол клубына алдағы ойындарда сәттілік тіледі.
«Байтақ» партиясының мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарына бағдарламасын таныстырды
«Байтақ» партиясының мүшелері үгіт-насихат барысында бірнеше өңірді аралап, тұрғындармен кездесті.
Ұлытау облысында «Байтақ» жасылдар партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. «Байтақ» партиясының өкілдері Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде кездесу өткізді.
Жиынға музей қызметкерлерімен қоса, облыстық мәслихат депутаты, ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
«Байтақ» партиясының үміткерлерімен кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өңірлердің тұрақты дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі талқыланды.
Шараға қатысушылар, әсіресе, эколық қауіпсіздік, Ұлытау өңірінің табиғи және тарихи-мәдени мұрасын сақтау мәселесіне назар аударды. Тараптар табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.
«Байтақ» партиясының кандидаттарымен кездесу ашық диалог форматында өтті. Тараптар «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша пікір алмасып, өңірдің даму перспективаларына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
«Байтақ» партиясының кандидаттары Өскеменде «Есіктен есікке» акциясын өткізді
Өскеменде «Байтақ» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. «Байтақ» партиясының өкілдері қатарынан бірнеше шара өткізді.
«Байтақ» партиясының белсенділері «Есіктен есікке» акциясы аясында қала халқымен кездесіп, «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бағыттарын таныстырды.
Насихат қоғамдық көлікте де жүрді. Жолаушыларға үгіт материалдары таратылып, «Байтақ» партиясының мақсаттары мен бастамалары туралы ақпарат берілді.
«Байтақ» партиясының атынан Құрылтай сайлауына түскен үміткер Алмаз Джакишев «Таза Өскемен» кәсіпорында қызметкерлерімен кездесті. Жиында қаланың экологиялық жай-күйі талқыланды. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, ауа сапасын жақсарту, атмосфераның ластану деңгейін төмендету.
Кәсіпорын қызметкерлері экология саласындағы өзекті түйткілдерді көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтты. Шара еркін пікір алмасу форматында өтті.
«Байтақ» партиясының кандидаты Ақтауда педагогтермен кездесті
Сайлауалды үгіт-насихат аясында «Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қаласындағы ерекше балаларға арналған №6 балабақшада кездесу өткізді.
Жиынға «Байтақ» партиясының облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Аллаберген Қонарбаев, саяси кеңес мүшесі Тілеп Жұмаұлы, атқарушы хатшы Қайрат Әнешов және Құрылтай депутаттығына кандидат Тайр Сағымбаев қатысты.
«Байтақ» партиясының штаб басшысы Аллаберген Қонарбаев білім беру саласының мамандарына «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, аясындағы жұмысты кеңінен түсіндірді.
Ал кандидат Тайр Сағымбаев «Байтақ» партиясының позициясы мен алдағы мақсат-міндеттерін баяндады. Оның сөзінше, елдің дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру мен қоғамдағы өзекті мәселені шешуде бірлескен жұмыс маңызды.
«Байтақ» партиясы өкілдерімен кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Балабақша қызметкерлері өздерін алаңдатқан түйткілдерді ортаға салып, ұсыныс-ескертпелерін айтты.
Мұндай кездесулер сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, олардың арыз-шағымын және «Байтақ» партиясының сайлауалды ұстанымдарын халыққа кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді.
«Байтақ» партиясының өкілі дәрігерлермен кездесті
Үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Сәуле Қамытбекова Астанадағы Center Concrete темір-бетон бұйымдары зауыты мен Integrate Clinic медициналық орталығының ұжымымен жүздесті.
«Байтақ» өкілінің алғашқы кездесуі құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорында өтті. Жиында «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, құрылыс саласына энергия үнемдейтін технологиялар енгізу, экологиялық қауіпсіз материал пайдалану және отандық өндірісті қолдау мәселесі талқыланды.
«Байтақ» партиясы кандидатының айтуынша, сапалы әрі экологиялық талапқа сай өндірілген құрылыс материалы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрылыс қарқынын сақтап, қоршаған ортаға зияны аз технологияны қолданудың маңызы айтылды.
Бұдан соң «Байтақ» партиясының үміткері Integrate Clinic медициналық орталығына барды. Мұнда да «Байтақ» партиясының экологиялық платформасы жайлы айтылды. «Байтақ» партиясының өкілімен кездесуде қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері, экологиялық қауіпсіздікті күшейту және профилактикалық бағыттағы бастамалар жайы талқыланды.
«Байтақ» партиясының кандидатымен кездесу барысында медицина қызметкерлері де ұсыныс-пікірін ортаға салды. Дәрігерлерді алаңдатқан түйткілдер қатарында жас мамандарды қолдау, қолжетімді және жалдамалы тұрғын үй, біліктілікті арттыру мүмкіндігін жетілдіру сынды мәселелер болды.
«Байтақ» партиясының үміткері «Астана Аренада» сайлауалды бағдарламаны таныстырды
«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Сәуле Қамытбекова «Астана Арена» спорт кешенінің ұжымымен кездесті. Еңбеккерлермен жүздескен ол партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
«Байтақ» партиясының өкілдері іс-шарада экология, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму бағытындағы бастамалар кеңінен талқыланды. Ашық диолог форматында өткен жүздесу кезінде қатысушылар өзін алаңдатқан сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірін ортаға салды.
Сәуле Қамытбекова табиғатты қорғау әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
«Таза қоршаған орта – дені сау ұлттың кепілі. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғау ісіне қоғам болып атсалысуымыз қажет», – деді «Байтақ» партиясының кандидаты.
Тараптар экологиялық бастамаларды қолдау және халықпен ашық диалогты жалғастыру өте маңызды екенін атап өтті.
«Байтақ» партиясының өкілдері Қызыл жұлдыз ауылының халқымен кездесті
«Байтақ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалы өкілдері Қызыл Жұлдыз ауылының тұрғындарымен жүздесті.
Шара барысында партия өкілдері филиалдың қызметі туралы баяндап, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.
«Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасы бірнеше бағытта қамтыған. Олар – жасыл экономиканы дамыту, экологиялық қауіпсіздікті күшейту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға негізделген», – деді филиал төрағасы Нұрсұлтан Өмірбаев.
Тұрғындар өздерін толғандырған түйткілдерді ашық айтты. Оларды алаңдатқан мәселелер қатарында суару жүйесін жетілдіру, саябақтарды абаттандыру, демалыс орындарын көбейту, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды жолға қою және электр энергиясының жиі өшуі. «Байтақ» партиясының өкілдері барлық ұсыныс пен өтініш назарға алынып, әр іс бойынша тиісті жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
«Байтақ» партиясының өкілдері Теміртау тұрғындарымен әлеуметтік мәселені талқылады
«Байтақ» жасылдар партиясының кандидаттары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы Теміртау мәдениет сарайында сайлаушылармен кездесті.
Жиында «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды.
Қатысушылар елдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелерін талқылады.
«Байтақ» партиясының өкілдерімен кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарды кандидаттарға қойып, жауап алды.
Мұндай кездесулер «Байтақ» партиясының азаматтармен тікелей байланысын нығайтып, өңір халқының ұсынысы мен өткір түйткілдерін кеңінен талқылауға мүмкіндік береді.
