Такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған адам ұсталды
Такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған адам ұсталды
© polisia.kz
438
оқылды
Шымкентте такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылдың 1 ақпанында Абай аудандық полиция бөлімшесі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні анықтады. Полицейлер бұрын бірнеше рет сотты болған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ізін суытпай ұстады. Жәбірленушінің мәлімдемесіне сәйкес, 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні тасымалдау кезінде жолаушы оның мойынына қауіпсіздік белдігін салып, буындырған. Пышаққа ұқсас затпен қорқытып, барлық құнды заттар мен ақшасын беруді талап еткен. Жүргізушіде құнды заттар мен ақша болмағандықтан, қаскүнем оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған жайт бойынша Қылмыстық Кодекстің 192-бабының 1-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Айғақты зат тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат қамауға алынды.