Сот құны 1 млрд теңгеден асатын бұл мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі.
Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды
140
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында  AK Metal  ЖШС басшысы Д.К. Бектемиров бір жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Тергеу мәліметінше, серіктестікке берілген лицензия тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға ғана рұқсат еткен. Алайда зертханалық және технологиялық зерттеу деген желеумен темір кені мен темір кені концентраты өнеркәсіптік көлемде өндіріліп, кейін Қазақстанда және шетелде сатылған.

– Кен өндіру жұмыстарының салдарынан топырақ жамылғысы бүлініп, жердің табиғи бедері мен ландшафты өзгерген, тау-кен қазбалары мен үйінділер пайда болған. Бұл аймаққа техногендік әсер тигізген.

Жалпы, 70 мың тоннадан астам өнім заңсыз өндіріліп, сатылған.

Қылмыстық жолмен алынған табыс 1 млрд теңгеден асқан.

Сотталған адам осы қаражатқа қымбат активтер сатып алған: Land Rover автокөлігі, бес бөлмелі пәтер, үш коммерциялық үй-жай, екі тұрақ орны және Алматы мен Алматы облысындағы екі жер учаскесі, – деп мәлімдеді ҚМА өкілдері.

Сот құны 1 млрд теңгеден асатын бұл мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.