Құрылтай құрамына қа­рап, оның кәсіби деңгейде жасақталғанын байқауға бо­лады. Бұл жерге әр сала­ның өз мамандары жинақ­талған деп есептеймін.
Заң шығарушы органның жауапкершілігі арта түспек
82
оқылды

Бізде мемлекеттік деңгейде дамы­туға тиіс салалар өте көп. Оның ішінде экономи­ка, әлеуметтік бағыт, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп, бизнес, ауыл шаруашылы­ғын атауға болады. Әрқай­сысының өзіндік ерекше­лігі, мәселесі, даму бағыты бар. Сондықтан сол салаларға қатысты қандай да бір заң немесе заңна­малық акт қабылданған кезде оның нақты өмірде қалай жұмыс істейтінін түсінетін, сол саланың ішкі жағдайын білетін маман­дардың пікірі ескерілуі керек. Қағаз жүзінде жақсы көрінетін заңның өнді­рісте, бизнесте немесе ауыл шаруа­шылы­ғында қалай іске асатынын сол саланың ішінде жүрген адам ғана нақты айта алады. Осы тұрғы­дан алғанда, Құрыл­тай құрамындағы тәжірибелі мамандардың болуы өте маңызды.

Мен қазіргі Құрылтайдың құрамын кәсіби деп бағалаймын. Мұнда әр саланың кемінде екі-үш маманы бар. Олар сол жер­де бір-екі жыл ғана жұмыс істеп жүрген адамдар емес. Көбі – өз саласының қыр-сырын жақсы білетін, ұзақ жылдар бойы тәжірибе жинаған, белгілі бір бағыттың бірнеше саласында еңбек еткен мамандар. Олар тек саланың мәселесін ғана емес, заңнамалық актілердің қалай жасала­тынын, оған қандай талаптар қойылаты­нын да түсінеді. Сондықтан мұндай адам­дардың пікірін заң шығару процесінде пайдалану ел үшін өте пайдалы болмақ.

Кез келген істің, кез кел­ген реформа­ның немесе мемлекеттік бастаманың негізінде заңнамалық база тұруы ке­рек. Заң болмаса, сол бағыт­тағы жұмысты жү­йелі түрде жүргізу қиын. Қан­дай да бір жақсы идея­ның өзі нақты заңмен бекі­тілмесе, оның жүзеге асу мүмкіндігі шек­теу­лі бола­ды. Сондықтан ел­дің да­муына қажетті ере­желерді қалып­тастыратын заңдар­дың сапа­сы өте ма­ңыз­ды. Бұл жерде Парла­мент­тің бірпалаталы жүйеге көшуіне байланысты жа­уап­кершілік мәселесін де ескеру қажет. Бұған дейін екі палаталы Парламент бол­ған кезде заң жобасы Мәжілістен кейін Сенатта қаралып, қосымша талқылаудан және сүзгіден өтетін. Егер бір жерде кемшілік кетсе, екінші палатада оған қай­та назар аударуға мүмкіндік болатын. Ал бірпалаталы Парламент жағдайында мұндай мүмкіндік болмайды. Сондықтан заң шығарушы органның жауапкершілігі бұрынғыдан да арта түседі. Заң жобаларын қарау кезінде кәсіби сараптамаға, салалық мамандардың тәжірибесіне және нақты ұсыныстарына сүйенудің маңызы осында.

Құрылтай осы тұрғыдан алғанда өте маңызды институт бола алады. Жалпы, елдегі кез келген өзгерістің артында нақты заң, нақты ереже және сол ереже­ні жүзеге асыратын механизм тұруға тиіс. Заң шығарушы орган қажетті құқықтық ба­заны қалыптастырады, Үкімет оны іске асырады, ал сот жүйесі құқықтық тә­ртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Осы инс­титуттардың барлығы өз міндетін са­палы атқарып, бір-бірімен үйлесімді жұ­мыс істеген кезде ғана, мемлекеттің тұ­рақ­ты дамуына қажетті жағ­дай жаса­лады. 

Айбар ОЛЖАЕВ,

экономист, сарапшы