Коронавирустан қайтыс болған әйел Алматы мен Шуда қонақта болған
Коронавирустан қайтыс болған әйел Алматы мен Шуда қонақта болған
Фото: Интернеттен алынды
230
оқылды
Коронавирустан қайтыс болған Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны Алматы мен Шу қалаларында нақты қай күндері болғаны анықталды. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов оның туған-туыстарына көңіл айтты.
«Туысқандарының айтуы бойынша, әйел коронавируспен ауыратын адаммен байланыспаған, шетелге шықпаған. 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған», – деді Сүлен Ілиясов.
Айта кетейік, 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында тұратын әйел коронавирустан қайтыс болды. Мемлекет басшысы қайтыс болған әйелдің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.