Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар да 19%-ға қысқарған.
Қазақстанда қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
157
оқылды

Қазақстанда «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған цифрлық бақылау жүйелері кеңейіп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2025 жылы елде тіркелген қылмыстар саны 6%-ға азайып, 96,6 мың деректі құрады. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында қылмыс деңгейі тағы 10%-ға төмендеді. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар да 19%-ға қысқарған.

Киберқылмысқа қарсы күрес нәтижесінде жыл басынан бері 3,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық ашылып, азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам қаражаты бұғатталды.

Жол қауіпсіздігі бойынша да оң нәтиже бар: биыл жеті айда жол-көлік оқиғалары 4%-ға, қаза тапқандар саны 16%-ға азайды.

Құқық қорғау органдары қылмыстың салдарымен күресуден гөрі, оның алдын алуға басымдық беріп, бейнебақылау мен цифрлық технологияларды кеңінен енгізіп жатыр.