Елордада облыстық аурухана карантинге жабылды
Елордада облыстық аурухана карантинге жабылды
© Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
5,178
оқылды
Манас көшесінде орналасқан №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Байланысқан адамдар карантинге жіберілді. Орынжайдың барлығына дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды. Сонымен қатар №1 автобус паркі де карантинге жабылды. Автопарктың барлық аумағына, автобустарға дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған кісілер стационарға жіберілді, делінген хабарламада.
2020 жылы 28 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап халық көп жиналатын орындар - саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары және т.б. жабылады. Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық (отбасы мүшелерінен басқа) топтасып жиналуға тыйым салынады, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз қалада жүруіне тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қызмет алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі Елордаға кіру және шығу бойынша қатаң режимді бұзған 60-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 46-сы қамауға алынды. Бұдан өзге, ТЖ режимін бұзғаны үшін 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.