Атырауға вирусты бір адам – Нұр-Сұлтаннан, екі адам шетелден жұқтырып әкелген.
«Бірінші науқас Атырауға Нұр-Сұлтан қаласынан келген. 26 наурызда тұмау белгілері байқалғандықтан сараптама алынған. Соның нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды», – дейді Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов.
Екінші науқас 17 наурызда Стамбұлдан Алматыға, Алматыдан Атырауға ұшықпен келген. Үшінші науқас Амстердамнан келіпті.