Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып саналатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 363 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік туристерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда) сатып алынған тауарларды ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкету кезде ҚҚС-тің өтемақы сомасын қайтарып алуға мүмкіндік беретін Tax Free пилоттық жобасының іске асырылып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Пилоттық жоба Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Қатонқарағай) және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай кентінде орналасқан стационарлық сауда объектілерінде жүзеге асырылады.
ҚҚС өтемақысы Tax Free жүйесінің операторы арқылы жүзеге асырылады және шетелдік туристерге жалпы сомасы кемінде 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге) болатын азық-түлікке жатпайтын тауарларды сатып алған кезде ұсынылады.
Tax Free құжатын сатушы ҚҚС сомасы көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электронды түрде ресімдейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
