Әнші, «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев немересіне қарап жүрген сәтінен видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі қуанышты сәтін бөлісіп, оқырмандарына да осындай бақыт тіледі.
«Қазір жұмыс осы, немере бағу, Құдайға шексіз шүкір. Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке сансыз салауаттар болсын! Сіздерге де немере жұғысты болсын», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл көрініске қызығып, жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Қолдан- қолда жүретін тәтті балапан ғой. Үйдің алғашқы немересі тағы. Артынан ерері көп болсын!», «Шөбере, шөпшек көріңіз», «Бізге де жұғысты болсын», - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
