Талдау бөлімінің меңгерушісі болып Александр Суханов, Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып Расул Оразғұлов, Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып Марат Аймашев тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ал Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі лауазымына Ерлан Байтұқбаев тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
